Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті: Алматы облысы өңдеу секторының орталығына айналып келеді

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1  трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған.

«Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды», — деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Іске қосылған ірі жобалардың ішінде «Focus Logistics» ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), «Алтын таға» бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), «LC Waikiki» көтерме-сауда орталығы (30 млрд теңге), «Шин-лайн» балмұздақ фабрикасы (18 млрд теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд теңге), «КегенМясПром» ет комбинаты (3,5 млрд теңге).

Тамақ өнеркәсібі саласында «Galanz Bottlers» компаниясын кеңейту (17,8 млрд. теңге), «QAZAQ GLOBAL FOOD JV» (16,5 млрд. теңге), «Прима Құс» (14 млрд. теңге). Бұл компаниялар экспортқа бағытталған өнім өндіреді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz