Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыс әкімі ауыл шаруашылығына бағытталған өндіріс ошағын ашуды тапсырды

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

28.03.2023
Аймақ

Кездесу барысында өңір басшысы аудандағы ауыл және мал шаруашылығына ерекше назар аударып, осы салалардағы өзекті мәселелерді сөз етті.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, Жамбыл ауданы дәнді дақылдар, картоп, майлы дақылдардың негізгі өндірушілерінің бірі болғанымен, шикізатты өңдейтін кәсіпорындар жоқ.

«Ауданда сыйымдылығы 1,5 мың тонна болатын 2 көкөніс қоймасы бар, бұл жиналған өнімнің тек 2,5%-ын ғана сақтауды қамтамасыз ете алады. Жалпы ауданы 8,6 гектар болатын 8 жылыжай бар, олардан 1,3 мың тонна өнім алынды, алайда бұл ауданда өндірілген көкөністердің 4%-ын ғана құрайды», — деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің мәліметінше, бұл аудан төрт түлік мал басы бойынша облыста 1-орында болғанымен, өткен жылы ет өндіру 3%-ға, сүт өндіру – 6,5%-ға азайған. Жылдық қуаты 8 мың тонна болатын «Империя Фуд» экспортқа бағдарланған ет өңдеу кәсіпорыны бар. Бірақ 2019 жылы қолданысқа берілген бұл кәсіпорын әлі күнге дейін жобалық қуатына шыққан жоқ.

Аталған түйіткілдердің түйінін тарқату үшін облыс әкімі өзінің орынбасары Рауан Рақымбековке, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларына, аудан әкімімен бірлесіп:

  • инвесторларды тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндірістер ашуды;
  • ет өңдеу комбинатының толыққанды жұмыс істеуі үшін облыстағы шаруа қожалықтарымен шикізат жеткізу жұмысын күшейтуді;
  • заманауи технологиялармен жабдықталған көкөніс қоймалары мен жылыжайлар желісін кеңейтуді;
  • пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Облыс өнеркәсібінің 90%-ы өңдеу секторына тиесілі. Биыл өндіріс көлемін 1,7 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл салада аудан небәрі 1,7% үлесімен облыста 7-ші орында тұр. Бұл өте аз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz