Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Нәтиже: Қонаев қаласындағы 4-саяжайға қосалқы электр стансаларын қою жұмысы басталды

Бүгін бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Қонаев қаласындағы 4-саяжайдың жарық проблемасының түйіні тарқай бастады. Атап айтқанда, бұл жерге қала балансына тиесілі трансформаторлы қосалқы электр стансасын (ТҚЭС) қою жұмысы басталды. Құрылыс аймағына Аlataunews.kz тілшісі де барып қайтты.

18.11.2022
Аймақ
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

«Қыстыгүні мұнда 5000-нан астам халық тұрады. Жаздыгүні бау-бақша егетіндер, демалыс орындары бар адамдар келгенде халық саны тағы да ұлғая түседі. Сәйкесінше, бұл жерде ТҚЭС-на түсетін күш те баршылық. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) мамандары бірнеше рет жұртшылықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады», — деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Екатерина Колесниченко.

Оның айтуынша, ТҚЭС құрылысы ТҮКШ бөлімінің осы жылы маусым айында жасаған ұсынысына сай басталды. Жобаны «Сантех-Строй Проект» ЖШС жүзеге асырады. Бөлінген ақша көлемі – 300,654 млн теңге.

«Тек ТҚЭС салып қана қоймай, жарық бағаналары орнатылады, электр сымдары түгелдей ауыстырылады. Саяжайдың электр жүйесі жеке кооператив балансынан қала иелігіне өтеді. Ол кезде тұрғындар жарықтың ақшасын қала тарифіне сай төлейді», — деді баспасөз хатшысы.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін тұрғындардың жарыққа шағымданғаны туралы ақпарат бергенбіз.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Қонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz