Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Мистер Өмірбек»: TikTok-та миллион қаралым жинаған жас мұғалім

Мөлдір Иманмади
03.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

TikTok желісінде “Мистер Өмірбек” атымен танылған жас мұғалім оқушыларын ағылшын тіліне креативті әдіспен – рэп арқылы үйретіп жүр. Оның ерекше тәсілімен түсірілген бейнероликтері әлеуметтік желіде 1 миллионнан астам қаралым жинап, республикалық деңгейде өзге педагогтарға үлгі болып отыр.

Жас ұстаздың шығармашылығына қоғам да қызығушылық танытуда. Мәжіліс депутаты Даулет Мұқаев мұғалімнің видеосын өз парақшасында бөлісіп, қолдау білдірді. Ал БАҚ өкілдері Өмірбек мырзаны сұхбаттарға жиі шақыра бастады.

Айта кетейік, кейіпкердің толық аты-жөні – Жанкұатов Өмірбек Ерғалиевич. Ол мамандығы бойынша ағылшын және түрік тілі пәнінің мұғалімі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Іле ауданы, Қосөзен ауылында еңбек етеді.

Өз әдісі жайлы мұғалімнің өзі былай дейді:
“Менің басты мақсатым – оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сабақты тек оқулықпен шектемей, заманауи тәсілдер арқылы ойын элементтерін қосып өткізу балаларды ынталандырады. Ал әуен мен ырғақ оқушылардың есте сақтауын жеңілдетеді. Бұл – әрі ойын, әрі білім беру тәсілі”.
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржас креативті мұғалімдерҰстаздар күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz