Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Министр Марат Қарабаев Жетісу облысына барды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Жетісу облысына іссапармен барып, алдымен Талдықорғанды «Қорғас» шекаралық аймағымен байланыстыратын «Сарыөзек – Көктал» республикалық автожолының жағдайымен танысты.

24.03.2023
Аймақ

Аталған нысанға аялдаған ведомство басшысы Кербұлақ ауданының бір топ белсендісімен кездесті. Олар осы елді мекен арқылы өтетін жолдың қазіргі мәселесіне тоқталды.

Алтын-Емел асуындағы ұзындығы 68 шақырымға жалғасып жатқан жол трассасының бір бөлігінің әбден тозығы шыққан. Кербұлақтықтар бұған жергілікті маңдағы кәсіпорыннан Қытай шекарасына қарай цемент тасымалдайтын ауыр тонналы көліктер әсер еткенін айтады.

ИИДМ басшысы бұл жағдай туралы хабардар екенін айта келе аталған мәселені ҚР Премьер-Министрі жеке бақылауында ұстап отырғанын жеткізді. Әлихан Смайыловтың осы өңірге жасаған іссапарының нәтижесінде қабылданған шешімге сәйкес аталған жолдың жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 2,5 есеге ұлғайтылды. Биыл бұл жобаны толық аяқтау үшін 8,2 млрд теңге бөлінді. Республикалық автожолды қалпына келтіру 2023 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс.

«Біз министрліктің құзырына кіретін өңірдегі нақты мәселелерді талқылап, шешуге келдік. Сіздер айтып отырған жолдың жағдайын мен өте жақсы білемін. Қажетті қаражат бөлінді. Енді бірлесіп, мердігердің жұмысын бақылау қажет. Біз әрқашан ашық диалогқа дайынбыз, хабарласыңыздар. Егер де зауыттың жүк көліктері жолға зиян тигізсе, онда мен басшылығымен сөйлесіп, мүмкін қосымша шешім табамыз. Алайда бұл зауыт осы өңірдің көптеген тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын ұмытпаған жөн», — деді Марат Кәрімжанұлы.

Сонымен қатар аталған жолдың проблемасы цемент зауытының басшылығымен болған  кездесуде де талқыланды. Атап айтқанда, таяу арада республикалық автожолға теріс әсер тигізбеу үшін цемент өндіруге қажетті шикізатты жеткізуге арналған айналма жолды салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Қазір ALACEM зауыты 600-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Оның өнімдері Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы қаласының цементке сұранысының 60%-ын өтеп келеді. Осы арқылы кәсіпорын мемлекетке және облысқа айтарлықтай пайда әкеліп отыр.

Сонымен қоса министр Талдықорғандағы 500 орынға шақталған емхана мен 9-шы шағын аудандағы тұрғын үй және инженерлік желілердің құрылысын бағамдап қайтты.

«Мемлекет басшысы өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ерекше назар аударып келеді.  Сондықтан Жетісу облысында қолжетімді тұрғын үйдің көлемін ұлғайту, жолдарды жөндеу және өнеркәсіпті дамыту сынды бірқатар маңызды міндет өз шешімін тауып жатыр», — деді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, облыс орталығының жаңа шағын ауданында аумағы 122 мың шаршы метрден асатын 1510 пәтері бар 41 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Магистральді және ішкі инженерлік желілердің құрылысы биыл жаз айларында аяқталуға тиіс.

Бұдан кейін министр халықпен кездесіп, азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, жергілікті БАҚ-тың сұрақтарына жауап беруді жоспарлап отыр.

Тегтер: Жетісу облысыМарат Қарабаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz