Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мерзімді әскери қызметтен өткендер қандай ЖОО-на ҰБТ тапсырмай түсе алады? – мамандар түсіндірді

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Қонаев қаласындағы әскерилерге жаңа қабылданып жатқан шаралар жайлы түсіндірді.

07.02.2023
Аймақ

Нақтырақ айтқанда, аталған топ Қорғаныс министрлігі университет ректорларымен арнайы келісім жасасқанын айтты.

«41 Қазақстан университеті мерзімді әскери қызмет өткергендерге оқуға гранттар беруге дайын. Тиісті келісімді министрлік басшысы жоғары оқу орындарының ректорларымен жасады. Бұл ретте ҰБТ нәтижелері ескерілмейді», — деді мамандар.

Олардың айтуынша, келісімге Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Astana IT University, Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті және басқалар қол қойды.

«Қазіргі таңда ЖОО-да мұндай санаттағы жігіттер үшін 3 000 орын бөлінді. Әскери борышын өтеген, орта мектепті бітіргені туралы аттестаты немесе техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар екендігі туралы құжаты бар азаматтар ЖОО-на түсе алады», — деді Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары капитан Людмила Перякина.

Жауынгерлік даярлықта және жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген әскери қызметшілер ЖОО-да оқу үшін әскери бөлім қолбасшылығының қолдауымен оқу орнының квотасы есебінен оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ курсанттар толық мемлекетің қамтуында болады, ал ЖОО-нын бітіргеннен кейін оларға жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Мамандар несиесі бар курсанттардың төлемдерін «тоқтата тұру» және белгіленген қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді бес жыл мерзімге табыс салығынан босату кіретін шаралар пакеті әзірленіп жатқанын да айтты.

Тегтер: Алматы облысыәскери қызметҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz