Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Мектептер мен балабақшалар салуға дайынбыз»: инвесторлар Алматы облысы билігінен қолдау сұрады

Кәсіпкерлер тобы мектеп жетіспейтін өңірлерде жаңа мектептер мен балабақшалар салуға жәрдемдесуді сұрады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Аймақ

Кәсіпкерлер облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаевпен кездесуде әкімшіліктен «жол картасын» әзірлеп, онда мектептер мен балабақшалар салу қажеттілігі туралы барлық ақпарат көрсетілуін сұрады.

«Қандай балабақша салынады, қай жерге мектеп керек, соның бір «жол картасы» жасалынса, әрбір ауылда қай жерге керегі айтылып. Өйткені біз керек ақпаратты ешқандай жерден ала алмаймыз», – деді кездесу барысында «Дана» жекеменшік мектебінің және «Еркем-ай» балабақшалар желісінің құрылтайшысы, Bilim INVEST Ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының вице-президенті Күләнда Батырбекова.

Ол бұл ұсынысты білім беру саласында тәжірибесі бар облыстың инвесторлар тобы қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, кәсіпкер жер учаскелерінің жоқтығынан балабақшаларды стандартқа келмейтін, жалға алынған коттедждерде ашуға мәжбүр екенін айтты.

«Біз бәріміз үш ауысымда оқыту, жалға алынған коттедждерге балабақшаларды орналастыру мәселесін көтеріп отырмыз. Біздің ұлт мынадай стандартқа сай, әдемі, жақсы салынған балабақшаларда өсіп өнуі керек. Өйткені бұл халықаралық деңгей. Мен өзім инвестор ретінде айтар едім, біздің білім ұйымдары білімді жаһандық стандартпен, ал тәрбиені ұлттық қып беріп жатырмыз, осыған бәрімізде ат салысуымыз керек. Сол үшін Алматы облысында қай жерге мектеп салынуы керек, білсек. Акиматқа жазамыз, ешқандай жауап жоқ, 3-4 жыл болды, қай жерде жер бар екенін айтыңдаршы деп. Мен сол мәселені көтеріп отырмын. Кәсіпкерлерді қолдап отыратын сіздер ғой. Сондықтан мен осыған көмектессеңіздер деймін», – деді кәсіпкер.

Батырбекованың ұсынысына әкімнің орынбасары келесідей жауап берді:

«Денсаулық сақтау және білім беру нысандарына арналған жер – бірінші орындағы мәселе. Балабақшалар, мектептер, тіпті жеке университеттерді сала алатын және одан әрі басқара алатын инвесторларды тартуымыз керек. Сондықтан жер мәселесін шешетін боламыз. Қандай қажеттілік болса, сізге көмектесуге дайынбыз», – деді Дандыбаев.

Тегтер: инвестормектеп

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz