Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Медициналық сақтандыру Қорының басшысы Алматы облысының ауруханаларын аралады

ӘМСҚ КЕАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Айдар Нұралиев Алматы облысына келді.

13.02.2023
Аймақ

Айдар Нұралиев Қордың Алматы облысы бойынша филиалының қызметімен танысты, өңірдің медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен кездесу өткізіп, облыстың бірқатар медициналық ұйымдарында болды.

Медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесуде Нұрғалиев 2023 жылғы Сатып алу жоспарына енгізілген өзгерістерге назар аударды.

Сондай-ақ, қаржыландыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тері-венерологиялық қызметтер көрсету, орталық аудандық ауруханалар бойынша кредиторлық берешек мәселелері айтылды. Бейінді ауданаралық ауруханалардың өкілдері ауылдың денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар сұрақ қойды. Олар босандыру және коммуналдық қызметтерге қатысты шығындарды қаржыландыру мәселесін сұрады.

Айдар Нұралиев барлық сауалдарға жауап беріп, мәселелерді қордың департаменттерімен бірге шешуді тапсырды.

Одан кейін Қор басшысы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына барып, ұйым қызметкерлерімен кездесті, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті қаржыландырудың проблемалық мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ Айдар Нұралиев Талғар ауданы Белбұлақ ауылының дәрігерлік амбулаториясына барды. Мұндағы медицина қызметкерлері ғимаратты мектептен жалға алғанын және апатты жағдайда тұрған амбулаториядағы жұмыстың жағдайын айтты.

 

1 of 3
- +

Ол облыстағы ірі аудандық медициналық мекемелердің бірі — Талғар орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысты, онда тіркелген халық саны — 200 мыңнан асады. Айдар Нұралиев аурухананың өндірістік базасында болып, ұйым қызметкерлерімен кездесіп, ауылдық денсаулық сақтау мен паллиативтік көмекті қаржыландыру және бюджет бөлігіндегі проблемалық мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Нұралиев көтерілген мәселелер мен медициналық ұйымдардың ұсыныстары қаралып, бақылауға алынатынын атап өтті.

Тегтер: Айдар НұрғалиевАлматы облысыаурухана

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz