Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

Бүгін Алматы облысының әкімі Ақши ауылында Іле ауданының тұрғындарымен кездесті.

24.03.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Кездесу барысында өңір басшысы Іле ауданының экономикалық әлеуеті жайлы сөз етті.

«Инвесторларды тарту үшін құрылып жатқан «Береке» индустриялық аймағының артықшылығы зор. Мұнда бүгінде «Fruit Art» сублимация зауытын салу бойынша бір жоба жүзеге асырылып, 42,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 247 жұмыс орны ашылды. Алайда ұзақ уақыт пайдаланылмай, жарамсыз болып қалған инженерлік желілерді қалпына келтіру қажет», — деді облыс әкімі.

Аталған мәселеге байланысты өңір басшысы өзінің орынбасары Арслан Дәндібаевқа, тиісті басқарма мамандарына, аудан әкіміне «Береке» индустриялық аймағын инженерлік желілермен қамтамасыз етуді және жаңа өндірістерді орналастыруды тапсырды.

«Бұдан бөлек, бәсекеге қабілетті өндіріске бағдарланған жаңа кәсіпорындар ашу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды одан әрі ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауды, іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға ерекше бақылауға алуды және олардың мерзімінде іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді облыс әкімі.

Жалпы Іле ауданында 350 өндіріс ошағы бар. Өндіріс көлемі бойынша аудан облыста 41,7 пайыздық үлеспен бірініші орында. Ауданда «Филип Моррис Қазақстан», «Джей Ти Ай», «Raimbek-Agro», «Galans Bottlers», «Первый пивзавод», «Лукойл» сияқты алты жүйе құраушы кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар облыстық бюджетке түсетін түсімдердің 45%-н қамтамасыз етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиевхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz