Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мақсат Толықбай Алматы облысындағы саяжайларға «ауыл» мәртебесін беруді ұсынды

Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле аудандарында 674 саяжай бар.

20.09.2023
Аймақ

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай Алматы облысындағы халық көп қоныстанған саяжайларға «ауыл» мәртебесін беру мәселесі жайлы айтты.

Депутат Премьер-министр Әлихан Смайыловтан аталған жағдайға назар аударуын сұрап, сауал жолдады.

Мәжіліс депутаты жақында Алматы облысының аудандарын аралап, мыңдаған тұрғынмен кездесу өткізген.

«Саяжай тұрғындарының саны бес жүз мыңға жақындаған. Бұл деректің өзін де нақты айту қиын. Себебі, азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеле алмаған соң, жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр», — деді депутат.

Мақсат Толықбайдың сөзінше, халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отырған саяжайларда мектеп, балабақша, қоғамдық көлік қатынасы, медициналық жәрдем көрсету секілді мәселелер шешілмеген.

«Оқу жылы басталғалы балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке балшықпен барып, кейде иттерге таланып жатыр. Айта берсек, мұндай мысалдар көп», — деп атап өтті ол.

Мәжіліс депутатының айтуынша, тұрғындар «ауыл» статусын беруді сұрап отыр.  Себебі, заңға сәйкес,  жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады.

«Саяжайларды қасындағы ауылдық округтерге қосып немесе «ауыл» статусын бере салғанмен проблема шешіле қалмайды. Бір ғана облыс әкімдігінің шамасы жетпейді. Көп қаржыны қажет етеді. Сондықтан, Үкімет жедел әрекет етіп, саяжай мәселесін шешуге арналған нақты, ауқымды бағдарлама әзірлеу керек. Ашығында, бұл Алматы облысында ғана емес, байтақ Қазақстанның әр өңіріндегі түйнек. Өз тарапымыздан аталған мәселені бақылауға алып, қоғамдық талқылау жасайтын боламыз», — деп түйіндеді ол.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz