Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Конаев қаласында инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев қаласында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар атқарылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысын қала әкімдігінің ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Тимур Ақмұрзаев жариялады.

Қаланың Қарлығаш, Шығыс, 12А, 12Б және 19-шы шағынаудандарында ұзындығы 30 мың метрге жуық ескі әуе желілері заманауи СИП-3 кабельдеріне ауыстырылды. Жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылып, жабдықтар жаңартылды. Шығыс шағынауданында қуаты 630 кВА болатын алғашқы КТП іске қосылса, екіншісі үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, қала көшелерінде 600 жарық шамын орнату көзделген, бүгінде оның 100-і іске қосылған. Жаңа жарықтандыру Қарлығаш, Спутник, 12А және 12Б шағынаудандарын қамтиды.

Қаланың №19, 20, Арна, Спутник және Рауан шағынаудандары газдандырылуда. Бұл жұмыстар Алматы облысы әкімдігінің тапсырысымен жүзеге асырылуда.
Сумен жабдықтау жүйесінде де оң өзгерістер бар: 2 км-ден астам су құбыры және шамамен 1,8 км кәріз желісі қайта жаңғыртылды. Сонымен бірге бес шағынаудан бойынша жүйелерді толық жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жартыжылдықта 49 аулада балалар және спорт алаңдары, қоршаулар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы 15 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Қаланың 15 тұрғын үйінің қасбеті жаңартылып, 20-дан астам көпқабатты үйдің шатыры жөнделді. Спорт инфрақұрылымы да назардан тыс қалған жоқ: 2017 жылы салынған спорт кешені 2,1 гектар аумақта қайта жаңартылды. Мұнда жағажай волейболы мен футболға арналған алаңдар, воркаут аймағы, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары, шахмат және тоғызқұмалақ үстелдері қойылды. Тротуарлар қазақы оюмен көмкеріліп, алтыбақан мен гүлді композициялар орнатылды.

Қойшыманов көшесінде заманауи жаяу жүргіншілер аллеясы салынып жатыр. Мұнда сәндік жарық шамдары, шағын архитектуралық формалар және арт-нысандар пайда болады.

Қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында көлемі 30 текше метрлік су қоймасы салынып жатыр. Ол өрт сөндірушілерге дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді. Бұған қоса, арнайы техника кезекшілікке қойылады.

Полигонның айналасына қоқыстың ұшуына және малдың кіруіне жол бермейтін траншеялар қазылып, торлы және бетон қоршаулар орнатылуда. Алдыңғы бөлігі көгалдандырылып, техникаға арналған таразы мен жуу аймағы жасалады. Сондай-ақ қала аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, маса, өрмекші, кеміргіштер сияқты зиянкестерге қарсы өңдеу жасалды.

Жылдың қалған бөлігінде жылу желілерін күрделі жөндеу, көгалдандыруды жалғастыру, 1 және 5-ші шағынаудандардағы аулаларды жаңарту жоспарланып отыр. Орталық алаңда биіктігі 55 метрлік жаңа ту тұғыры бой көтереді.

«Қонаевты заманауи, қолайлы әрі әсем қалаға айналдыру – басты мақсатымыз. Біз тек инженерлік жүйелерді жөндеумен шектелмей, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға күш салып отырмыз», – деді Тимур Ақмұрзаев.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz