Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Келешек мектептері»: Алматы облысында білім беру инфрақұрылымы жаңарып келеді

Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жою және оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында «Келешек мектептері» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жобаның басты мақсаты — заманауи және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру арқылы өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеру.

2024-2025 оқу жылында облыстағы 437 мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы білім алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 059 оқушыға артық. Өңірдегі оқушылар санының тұрақты өсімі жаңа білім беру нысандарына деген сұранысты арттырып отыр.

Осы қажеттілікті өтеу мақсатында 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 11 100 оқушыға арналған 9 мемлекеттік және 3 275 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұған дейін, 2023 жылы, 14 400 орындық 14 мектеп салынған болатын.

Аталған шаралардың нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны 52-ден 30-ға дейін азайған. Бұл білім сапасына оң ықпал етіп, оқушылардың оқу процесін біріздендіруге мүмкіндік беруде.

Қазіргі таңда облыс аумағында 17 мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде, Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде жекеменшік инвестордың қаражаты есебінен 2 000 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Іле ауданына қарасты Өтеген батыр, Байсерке және А.Тоқпанов ауылдарында әрқайсысы 1 500 орынға арналған жаңа мектептердің құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева бұл бастаманың елдің білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге арналған нақты қадам екенін атап өтті.

«Келешек мектептері  жай ғана мектеп ғимараттары емес, болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім — ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ», — деді ол.

«Келешек мектептері» жобасының жүзеге асуы өскелең ұрпаққа қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастырып, облыстың білім беру жүйесінің тұрақты дамуына серпін бермек.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz