Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге жуық қаржыға науқас балалар оңалтудан өтті

Мөлдір Иманмади
22.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, Кегенде МӘМС есебінен 12 млн теңгеге жуық қаржыға науқас балалар оңалтудан өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Үш қыздың анасымын. Тұңғышым церебральды сал ауруының жеңіл түріне шалдыққан. Орталықта жетінші күні ем алып жатырмыз. Нәтижесі жақсы. МӘМС арқылы портал бойынша 15 күнге келдік. Диагнозына байланысты барлық медициналық көмекті алып жатыр. Өзіне массаж, ванна кабинеттері ұнайды. Енді әр үш ай сайын оңалтудан өтіп тұрамыз», — дейді сұхбат барысында аудан тұрғыны Гүлдана Жақсылықова.

Бұл мекеме осы жылдың тамыз айында іске қосылған. 240 млн теңгеге қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті. Олардың ішінде мүгедектерге арналған арбалар, иппотерапия тренажеры және физио, эрго, жарық сынды терапияларды қамтитын құрылғылар, әртүрлі ойыншықтармен жабдықталған. Жалпы орталық жыл сайын Қазақстан бойынша 600-ге тарта емделушіні қабылдауға әзір. Аудандық аурухананың медицина қызметкерлері «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен балалар оңалту орталығына орнатылған аппараттарды қолдану жөнінде оқытудан және нұсқамадан өткізілді.

«Бұл балалар оңалту орталығы жалпы 25 төсек-орындық. Тәулік бойы стационар бар және 5 төсек күндізгі стационар және амбулаторлық түрде науқастарды қабылдауға арналған. Орталық ашылған кезде Кеген, Ұйғыр, Райымбек аудандарындағы оңалтуды қажет ететін балаларға арналған болатын. Яғни 3 ауданды қоса алғанда 450-ге тарта жеткіншекті оңалтуды қажет ететін балалар бар. Бұрын соңды мұндай мүмкіндік аудан аумағында жоқ болатын. Ерекше балалар Астана, Алматы сынды ірі қалаларға жіберілетін. Қазірде Кегенде демеушілер көмегімен керемет орталығымыз ашылып, балалар портал арқылы тегін ем қабылдап жатыр. Бұл МӘМС жүйесінің жетістігі, мүмкіндігі деп білеміз», — дейді Кеген аудандық ауруханасының директоры Алмас Тілеулиев.

Оңалту орталығында 2 балалар невропатологі, 2 реабилитолог, 8 емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, 2 эрготерапевт, 1 психолог, 4 логопед, 3 дефектолог мамандар жұмыс істейді. Олар «Қамқорлық» қорының демеушілігімен Астана қаласындағы «Балалар реабилитациясы ғылыми орталығында білімдерін жетілдірген.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz