Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кәсіпкерден пара алған Алматы жылу желілерінің басшылығына 2 млрд теңге айыппұл салынды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты пара алғандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Антикор.

13.03.2023
Аймақ

Сот үкімімен «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасында айыппұл, осы компанияның бас инженері Д. Қазымбетовке 560 млн теңге сомасында айыппұл, «Алматы жылу желілері» күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаев 560 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б. Разимбековке 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы — 2 млрд 80 млн теңге. Бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.

«Алматы жылу желілері» лауазымды тұлғаларына Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деген айып тағылған еді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады (сот үкімі заңды күшіне енген жоқ).

Тегтер: айыппұлалматықылмыстық іспара

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz