Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді

2025 жылғы 28 тамызда Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әлеуметтік маңызы жоғары нысан Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілді. Жаңа медициналық мекеме ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен сапалы әрі қолжетімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған.

Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда фельдшер қабылдау бөлмесі, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, процедуралық және егу бөлмелері, физиотерапия кабинеті мен дәрі-дәрмек қоймасы бар.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталып, мемлекет меншігіне жемқорлық фактілері бойынша қайтарылған қаражат есебінен толық қаржыландырылды. Жалпы жер аумағы – 70 сотық, ғимараттың аумағы – 264 шаршы метр. Медициналық мекеме бір ауысымда 10 адамға дейін қабылдай алады.

Жаңа ФАП-та фельдшер, акушер және процедуралық кабинет мейірбикесі қызмет атқарады. Сонымен қатар, фертильді жастағы және жүкті әйелдерді қабылдауға арналған арнайы кабинет қарастырылған.

Салтанатты шараға Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов, аудан прокуроры Бауыржан Рамазанұлы Тулендинов, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Пернебайқызы Серікбаева, ауыл ақсақалдары мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты.

Аудан әкімі Қайыржан Серікбайұлы өз сөзінде:
«Бұл нысан – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты нәтиже. Президенттің тапсырмасына сәйкес, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады», – деп атап өтті.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz