Іс-шара қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ойларын көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту.
Жазушының шығармалары арқылы жас оқырмандарды отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында арнайы ұйымдастырылған дәстүрлі кітап көрмелерімен қатар көрме инсталляциялары мен «Шебер қолдар» үйірмеснің шығармашылық жұмыстары таныстырылды.
Шарада оқушылар «Қожаның монологын» оқып, «Менің атым Қожа» повесінен сахналық көрінісі қойды.






