Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Халықаралық «Жыл волонтері»: Алматы облысы үздіктер қатарында

Алматы облысының еріктілері республика бойынша үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Астана қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылы іске қосылған республикалық «Игі істер марафоны» және халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биылғы марапаттау салтанатында Алматы облысының еріктілері жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше номинацияда жеңімпаз атанды.

Халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығы биыл 15 номинация бойынша табысталды. Оның бесеуі Алматы облысының еріктілеріне бұйырды.
Сонымен қатар республикалық «Игі істер марафоны» 13 номинация бойынша ұйымдастырылып, облыс волонтерлері үш номинацияда жеңіске жетті.

Жалпы қорытынды бойынша Алматы облысы марафонда үздік өңір деп танылды. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері ел бойынша 9 мыңнан астам игі іс тіркелсе, оның 1,5 мыңнан астамы – Алматы облысының еріктілерінің еңбегі.

Республикалық «Игі істер марафоны» жеңімпаздары

  • «Ең мейірімді аймақ» – Алматы облысының Волонтерлер фронт-офисі

  • «Инклюзивті келешек» – Қарасай ауданынан Бердіқұлова Ақнұр

  • «Жүректен жүрекке» – Талғар ауданының волонтерлері

Халықаралық «Жыл волонтері» сыйлығының иегерлері

  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге белсенді қатысқаны үшін» – «Lider.kz» волонтерлік қозғалысы

  • «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» – Туысқанова Жібек (Талғар ауданы)

  • «Үздік волонтерлік ұйым» – «Ақ жұлдыз» қоғамдық қоры (Іле ауданы)

  • «Үздік әлеуметтік көмекші» – Әукен Айдос (Талғар ауданы)

  • «Жануарларды қорғауға қосқан үлесі үшін» – «Vector» жастар одағы (Талғар ауданы)

Волонтерлік қозғалыстың дамуына жаңа серпін

Бұл жетістіктер – соңғы екі жыл ішінде облыс басшылығының қолдауымен волонтерлік экожүйені жүйелі түрде дамыту жұмысының нақты көрінісі.

Алматы облысында еріктілерді қолдау мақсатында әлеуметтік, экологиялық және білім беру бағыттарында түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға басымдық берілуде.

Облыста волонтерлік қызметті одан әрі қолдау және дамыту жұмыстары жалғасын табатыны атап өтілді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz