«Жылыту маусымында халықты ыстық сумен үзбей қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Ертеңнен бастап қала ыстық судан ажыратылады», — деп жазды мекеме мамандары.
Әзірше тұрғындар қай уақытқа дейін ыстық сусыз отыратындары белгісіз.
Мамандар жұртшылықтан түсіністік танытуды сұрайды.
Сондай-ақ хабарламада берешегі бар тұрғын үйлер ыстық суға соңғы кезекте қосылатыны жазылған.
Анықтама телефоны: 8-727-72-4-03-49





