Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданының дәрігерлері науқастың жамбас сүйегіне ауыр операция жасады

Еңбекшіқазақ АКА травматолог дәрігерлері жамбас сүйектерін қалпына келтіру үшін ауыр әрі ерекше операция жасады. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінен хабарлады.

20.12.2022
Аймақ

Клиникалық жағдай С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің травматология, ортопедия және әскери хирургия кафедрасының меңгерушісі Қ.М. Тезекбаевтың қатысуымен консилиум өткізіліп, жасалатын операция барысы талданды.

Пациент толық тексеруден өтіп, жасалатын операцияның қаншалықты ауыр әрі ерекше әдіспен жүргізілетіні ескертілді. Алдын ала операцияға дайындық шаралары жүргізіліп, Кохер-Лангенбек тәсілі бойынша жарақат салдарынан сынған және шытынаған әр сүйекті қалпына келтіру үшін, реконструктивті жатыр сүйегінің ChM қос пластинасы қолданылып, винттермен бекітілді. Қосымша жүргізілген бақылау рентгенограммасында сүйек-буын жарақаттары толық қалпына келгендігі анықталды. Күрделілігі мен көлемінің ауырлығына қарамастан, дәрігерлер операцияны сәтті жасады.

Мұндай ауыр жарақат түрлері көбіне жол-көлік апаты немесе биіктен құлау салдарынан болады. Науқас дер кезінде операцияға алынып, көмек көрсетілмесе, мүгедек болып қалуы мүмкін.

Сондықтан, клиниканың жақсы жабдықталуы мен мамандар шеберлігі нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының әрбір ауыр науқасына енді дер кезінде операция жасалып, үздік медициналық көмек көрсетіледі.

Тегтер: Алматы облысыЕңбекшіқазақ

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің әлеуметтік салдары

Диана Ахметова
05.08.2026

Есірткі – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
05.08.2026

Экологиялық мәдениет – уақыт талабы

Диана Ахметова
05.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz