Аудан бойынша 83 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде 12 – сі жаңа ғимаратта орналасқан, 13 – іне жаңа ғимарат құрылысы қажет, 12 – сіне блокты медициналық кешен орнату қажет, 10 ғимаратқа күрделі жөндеу, 19 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 4 397 нәресте (2023 жыл – 4 908 бала) дүниеге келді.
Алайда, 43 сәби шетінеуі (2023 жыл – 38 бала) орын алды, ана өлімі тіркелген жоқ.
Ал, бруцеллез (2024 ж. — 6 адам, 2023 ж. – 17 адам), туберкулез (2024 ж. — 87 адам, 2023 ж. – 95 адам) аурулары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген.
Аудан бойынша 2024 жылы 24 287 адамды скринингті тексеруден өткізу жоспарланып, 100 пайызға орындалды.
Әлеуметтік маңызы бар аурулар қалыпты жағдайда және қатаң бақылауда.
Ағымдағы жылы Қызыл-Шарық ауылында күніне 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (Жоба құны 704 млн. теңге).
Тескенсу ауылында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы басталған. Құжаттамаға түзетулер енгізіліп, құрылыс жұмыстары басталды (Жалпы құны — 918 млн. тенге, аяқталу мерзімі –2025 жыл).
Шелек ауылына жаңа көп салалы ауданаралық аурухана құрылысы ЖСҚ жасалуда 2025 жылы 522 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жоба қуаттылығы – тәулігіне 300 қабылдауға арналған,
Жер телімі – 0,6 га.
Есік қаласындағы аудандық орталық емхананың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 6 млрд. 988 млн. теңге, жұмыстардың аяқталуы – 2025 жылдың ақпан айында.
Балтабай ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізуге 63 млн.теңгебөлінді, конкурс өтуде. Жоба құны – 173 млн. теңге, 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы Шелек ауылдық ауруханасының инфекция бөліміне, балалар бөліміне және Бижанов ауылындағы амбулаторияға күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде.
2025 жылы 5 ауылға медициналық блокты модульды кешен орнатуға – 250 млн. теңгеқаражат бөлінді (әр кешеннің бағасы – 50 млн. теңгеден) (Баяндай, Казатком, Сатай, Қойшыбек, Амангельды).
Бұдан бөлек, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына қосымша елді мекендердегі ғимараттарды күрделі жөндеу және салуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс беру керек.
Мәдениет саласы
Ауданда 17 мәдениет үйімен 4 ауылдық клубтар және 22 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.
Аудандық мәдениет үйлерінде 149 үйірме жұмыс жасайды, үйірмелерге қатысушылар саны 2 266 бала.
Бәйтерек ауылына және 2 елді мекенге (Бәйтерек, Қызылшарық, Қайыпов 2 млрд. 520 млн. теңге) мәдениет үйлерінің жаңа құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді.
Бөлек ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, 2025 жылға күрделі жөндеу жүргізуге 585 млн. теңге қаражат бөлінді.
2025 жылы Түрген ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге – 40 млн. теңге қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылы ауданның 4 мәдениет үйіне ағымдағы жөндеуге 68 млн. теңге бөлінді,
- Космос ауылы– 23,8 млн.теңге
- Ават ауылы– 17,5 млн.теңге
- Асы — саға ауылы– 10,8 млн.теңге
- Бәйдібек би ауылы– 15,9 млн.теңге
3 мәдениет үйін газбен қамтуға ЖСҚ әзірлеуге 12,3 млн.теңге қаражат бөлініп құжаттары әзірленуде.
— Түрген ауылы – 4,7 млн.теңге
— Ават ауылы – 3,5 млн.теңге
— Қайназар ауылы – 4,1 млн.теңге
Шелек ауылдық округіндегі кітапхананы модернизациялауға 292 млн. тенге қаражат берілді.
Спорт саласы
Ауданда 395 спорт нысандары халыққа қызмет көрсетуде.
Ауданда халық санының өсуімен бірге спортпен шұғылданушылардың саны да артып келеді. Қазіргі таңда спортпен айналысушылар саны 119,8 мыңнан аса адамды құрайды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 105 штаттық жаттықтырушы жұмыс атқаруда, аталған мектептерде 2 925 бала тәлім алуда.
Аудан аумағында Арт спорты бойынша 55 секцияларында 14 түрлі спорт түрімен 1 061тәлімгер жаттығуда. оның ішінде:
Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, шахмат, дойбы, каратэ, еркін күрес, дзюдо,таеквондо, баскетбол, волейбол, жүзу, футбол, футзал (шағын футбол), қазақ күресі.
Ауданымыздың жалпы білім беру мектептерінде 548 маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жұмыс атқарып, 26 968 бала тәлім алуда. «Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» (Директор – Сулейменов Қуаныш Исенбаевич) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 36 спорт нұсқаушысы қызмет етуде. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 5000-ға жуық бала дене шынықтырумен шұғылданып 35 маман салауатты ел спортының дамуына үлес қосуда.
2024 жылы Шелек (1 838 млн. теңге) және Ащысай (870 млн. теңге) ауылдарында спорттық кешендер қолданысқа берілді.
3 елді мекеннің спорт кешендерін салуға ЖСҚ дайын, жалпы құны 3 млрд. 432 млн. теңге,қаражат бөлуге өтінім берілді, қолдау болмады
- Бәйдібек би — 1 млрд. 104 млн. теңге,
- Қазақстан — 1 млрд. 93 млн. теңге
- Тескенсу — 1 млрд. 235 млн. теңге
Қылмыс
2024 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 1 671 қылмыс тіркеліп, ашылу көрсеткіші 53,9%-ды құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс 209-ға өссе (2023 жыл – 1 462), ашылу көрсеткіші – 12,3%-ға төмендеген (2023 жыл – 66,2%).
Оның ішінде:
- Аса ауыр қылмыстар саны 2,1 есеге немесе 38-ден 79-ға дейін өскен, ашылу көрсеткіші 100% (2023ж.-78,4%) құрады.
- Ауыр санаттағы қылмыстар 20,3% немесе 311-ден 374-ке өскен, ашылу көрсеткіші 65,9% (2023ж.- 63,9%) құрады,
- Ауыр емес қылмыстар саны 29,3% немесе 225-тен 291-ге өскен, ашылу көрсеткіші 65,1%.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Патрульдік полиция ротасының штаттық саны — 51 бірлік, күнделікті аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарады.
Жыл басынан полиция қызметкерлерімен барлығы — 16 мың жол қозғалысында құқық бұзушылық анықталған (2023 жылы -15 303). Оның ішінде 94 көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп жүргізгендігі үшін жүргізушілер әкімішілік жауапкершілікке тартылған (2023 жылы- 77).
Аудан аумағында 2024 жылы 437 жол көлік оқиғасы тіркелді, бұл 2023 жылменсалыстырғанда 2,6 есе өскен.
Республикалық автожолда — 229 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 2023 жылменсалыстырғанда 1,9 есе өссе,
Жергілікті автожолда — 208 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті.
Жол көлік оқиғасында қайтыс болғандар саны 2024 жылы – 80 адамды құрап 2023 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өскен (2023 жыл — 63 адам).
«Қауіпсіз аула» бағдарламасы іс жүзінде құқық бұзушылықтың да, қылмыстың да алдын алудың тиімді әдісін көрсетеді. Осыған байланысты жыл соңына дейін аудан бойынша 1 800камера орнатылады. Оның ішінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 32 камерасы бар.
Жобаның негізгі мақсаты-барлық бейнебақылау камераларын біріктіру үшін бірыңғай платформаны енгізу. Бұл нақты уақыт режимінде бейне ағындарын талдауға және оларды әртүрлі тапсырмалар үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алгоритмдері адамдар тобын анықтауға және олардың мінез-құлқын талдауға, төбелестерді, күдікті заттарды анықтауға, адамдар мен көліктерді іздеуге, от пен түтінді тануға мүмкіндік береді.





