Кездесуде өңірдің отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы, жылумен қамту, газдандыру және электрмен жабдықтау мәселелері талқыланды. Әлібек Жамауов тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, көтерілген мәселелерге қатысты нақты түсіндірмелер ұсынды.
Қала тұрғындары газдандыру деңгейін арттыру, ЖЭС-3 жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша алаңдаушылықтарын жеткізді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына дизель отынын жеткізу және сұйытылған мұнай газына қолжетімділік мәселелері де көтерілді.
Вице-министр өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлеуетіне ерекше тоқталып, бұл бағыттағы жобалардың Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Сапар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың жеке өтініштері тыңдалды.
Әлібек Жамауовтың бұл сапары өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.





