Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еліміздің 100 жасы Қонаевта өткен «OILAN» форумында бас қосты

Ауқымды форум Қонаев қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 100 жас қатысып, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шараның куәсі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
30.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Ajnj& Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Ajnj& Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

«Бұл іс-шара — жастардың есірткіге қарсы саналы көзқарасын қалыптастыруға және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды. Жас буынның бойында жаман әдеттерге қарсы иммунитетті қалыптастыруда мұндай форумдардың берері мол. Кезекті шарамызда біз көздегенімізге жеттік. Мұны қатысушылардың белсенділігінен байқадық», — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мерей Әубәкір.

Форумның басты мақсаты — жастарға тек ақпарат беру ғана емес, оларды белсенді азаматтық ұстанымға, жауапкершілікке және салауатты өмірге бейімдеу. Шараға қатысушылар мотивациялық сөздер тыңдап, өзара тәжірибе алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Форумға Бастапқы психикалық денсаулық орталығының меңгерушісі Назым Сейтказинова, Психологиялық лаборатория меңгерушісі Мөлдір Әміртай, Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Ауез Раймбеков сынды білікті мамандар шақырылып, тағылымды әңгіме өрбітті. Олар жастармен өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, есірткіге қарсы күрестегі жаңа тәсілдер, профилактика жолдары мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы жөнінде ой қозғады.

Форум барысында жастар белсенділік танытып, пікір білдіріп, салауатты таңдау жасаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz