Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Экономика министрі Сарыбай би ауылындағы Мәдениет үйіне барды

ҚР Ұлттық Экономика министрі Алматы облысына жасаған іс-сапары барысында Жамбыл ауданы Сарыбай би ауылындағы 62 жыл жөндеу көрмеген Мәдениет үйіне барды.

11.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Жергілікті мәдениет бөлімінің мамандарының айтуынша, бұл нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол үшін жобалық-сметалық құжаты дайындалып қойған. Бюджеттен 278 млн. теңге бөлінсе, жұмыс басталады.

«Құрамында 5 ауылы бар бұл округте 13 800 адам тұрады. Үлкен ауылдың Мәдениет үйінің бет-бейнесі қалыпқа келсе болды, ғимарат сапалы салынған. Кеңес кезінде бой көтерсе де, қайта қолданысқа беруге жарамды. Күрделі жөндеу кезінде нысанның бастапқы қалпы бұзылмайды. Мұнда кітапхана да бар. Ол жұмыс істеп тұр. Ендігі біздің көздеп отырғанымыз — Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізіп, халыққа жағдай жасау», — дейді мамандар.

Фото: Аслан Қажеке

Өз кезегінде министр «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.

«Кешеден бері айтылып жатқан мәселелердің шешімі тек облыстық бюджетке ғана емес, мемлекеттен тікелей бөлінетін қаржыға да байланысты. Бұл Мәдениет үйінің сапалы салынғанын көріп отырмыз. Аталған нысанды тек күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, жаңа құрал-жабдықтармен де қамтамасыз ету керек. Бар жұмыс «Ауыл — ел бесігі» атты бағдарлама аясында жүргізіледі», — деді Әлібек Қуантыров.

Фото: Аслан Қажеке
Фото: Аслан Қажеке

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысымәдениет үйіэкономика

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz