Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Достық – Мойынты» теміржол учаскесі: құрылыс кесте бойынша жүріп жатыр

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Достық – Мойынты» арасындағы жол құрылысының кесте бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

20.04.2023
Аймақ

«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу Мемлекет басшысының отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі алға қойған міндеттерін орындау шеңберінде маңызға ие. Ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру учаске теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді (тәулігіне 12-ден 60 жұп жүк пойызына дейін)», — деп жазды компания.

«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдарының құрылысы басталған сәттен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ 6 аралықта жер жұмыстарын жүргізді. Сәуір айында құрылысшылар желінің тағы 8 учаскесіне: «Тағынқара – Саяқ», «Жайпақ – Ақши», «Ақши – Көктума» және т.б. үйінділерді төгуге кірісті.

«Достық-Мойынты» учаскесінде ұзындығы 836 км болатын екінші жолдарды салу кезінде шамамен 19,4 млн. текше метр топырақ төгіліп, 108 мың тонна рельс, 1538 темірбетон шпал жинағы төселетін болады. 394 жасанды құрылыс салу және 898 км сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу көзделген. Жұмыстарды орындау үшін Жарық, Үштөбе, Ақтоғай, Орта Дересін, Сарықұм, Ащыөзек, Жақсыбұлақ, Бескөл станцияларында өндірістік базалар ұйымдастырылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер: Достық – Мойынтыкестеқұрылыстеміржол

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мәслихаттардың рөлін күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

12 наурыздан бастап: Қазақстанда жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында күн қашан жылынады: синоптиктер болжам жасады

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

Алматы облысында құтқару қызметінің техникасы жаңарды

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz