Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ДДҰ маманы Алматы облысындағы МСАК алаңына оң бағасын берді

Бүгін Алматы облысына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді.

20.04.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Ол алдымен Еңбекшіқазақ ауданындағы көпсалалы ауруханаға барды. Мұнда былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріне мүше 53 мемлекетіне озық тәжірибелерді ұсыну бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсету алаңы ашылған.

Өңірге министрмен бірге ат басын бұрған ДДҰ мамандары алаңмен танысып, оң бағасын берді.

«Бүгін осы алаңды тамашалағаныма қуаныштымын. Бұл жер туралы бұрын да естігенмін. Бірақ мұнда келуге жол бүгін түсті. 2021 жылы коронавирустық пандемия кезінде санитарлық көмектің қалай көрсетілуі керектігі бойынша арнайы құжат қабылданды. Оның ішінде мультидисциплинарлы тетік пен цифрландыру да қарастырылған. Аталған құжатта көрсетілген барлық ережелер осы ауруханада іске асырылған», — деді ДДҰ Еуропалық орталығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі кеңсесінің басшысы Мелитта Якаб.

Фото: Аслан Қажеке

Сондай-ақ маман бұл ауруханада аурудың асқынған түрімен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтіп, мұндағы медбикелердің гипертония, қант диабеті секілді ауруларды ерте бастан анықтауға маманданғанын сөз етті.

«Ауруханада жастардың ем алуына да барлық жағдай жасалған. Бұл өте жақсы көрсеткіш», — деді Мелитта Якаб.

Бұдан бөлек, министр мен ДДҰ мамандары аудандағы МСАК аясында қолданысқа берілген жол талғамайтын көліктің таныстырылымын тамашалады.

Фото: Аслан Қажеке

Жалпы МСАК көрсету мекемелері келесідей ережелер бойынша жұмыс атқарады:

1) отбасылық дәрігер принципі;
2) МСАК-тің аумақтық қолжетімділігі;
3) науқастың аумақтағы медициналық мекемені таңдауға мүмкіндігі болуы;
4) науқастың медициналық көмекке қанағаттанарлық болуы;
5) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан теңқұқылы және адал бәсекелестік;
6) орналасқан жеріне қарамастан барлық пациенттерге қолжетімді профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын МСАК қызметтері.

Фото: Аслан Қажеке

МСАК ұйымында бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін учаске мамандары анықталып, арнайы аумақ құрылады.

Ал министрдің айтуынша, 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітіледі. Стандарт аясында құжаттаманы жүргізу орта медициналық мамандарға беріледі. Нәтижесінде науқастарға көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ биыл халық талап ететін медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Тегтер: Ажар ҒиниятАлматы облысыДСМҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz