Синоптиктердің болжамынша, Қонаев қаласында алдағы тәулікте ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Кей сәттерде көшпелі бұлт шығып, желдің жылдамдығы 9–14 м/с шамасында соғады.
Түнде ауа температурасы +20…+22°C аралығында болса, күндіз көрсеткіш +35…+37°C-қа дейін көтеріледі. Мамандар тұрғындарға аптап ыстықта далада ұзақ уақыт болмауға, бас киімсіз шықпауға және жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді.





