Қонаев қаласында алдағы тәулікте жауын-шашын күтілмейді. Ауа райы ашық әрі ыстық болады.
Түнгі уақытта ауа температурасы +18…+20°С шамасында болса, күндіз +33…+35°С-қа дейін көтеріледі.
Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына күннің ыстығында ашық күн астында ұзақ болмауға, су ішуді көбейтуге және ыстықтан қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.





