Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Синоптиктер 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

05.07.2023
Аймақ

«Еліміздің басым бөлігіндегі ауа райын әлі де циклонға байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтындықтан, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта бұршақ жауады», — делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +29+31°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз өте ыстық +27+29°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С болады.

Тегтер: ауа райыБасты жаңалықтарҚазгидромет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz