«ҚР басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.
ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.





