Оның алғашқысы – облыс орталығындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған 900 орындық мектеп-лицей. Мұнда жаратылыстану-математикалық бағыты тереңдетіп оқытылады. Қазіргі таңда мектепке 500-ден аса оқушы қабылданған. Оның ішінде 1-сыныптың 75 оқушысы білім ордасының табалдырығын аттады.
Аталған оқу ошағын салу үшін 2 млрд 798 млн теңге қаржы жұмсалған. Құрылысы 2021-2023 жылдары жүргізілген. Мектеп 3 блоктан тұрады. Онда 30 оқу кабинеті, 3 зертханалық, 2 информатика, 2 компьютер сыныбы, 2 спорт зал, 6 жаттығу алаңы, 300 орындық асхана, кітапхана бар.
Қонаевта «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 2025 жылы 1200 орындық тағы бір мектеп ашылады деп жоспарланып отыр.
Дәл осындай білім ошағы Есік қаласында ашылды. Лицей қазақ тілінде оқытуға арналған. Заманауи білім беру кешені соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған, 82 кабинеттен тұрады. Сондай-ақ лицейде кітапхана, екі спорт залы, оның бірі 310 орындық тартылатын электр платформасы бар акт залымен біріктірілген, екі киім ілетін бөлме және 300-ге жуық бала бір уақытта тамақтанатын асхана бар. Жаңа оқу жылында 1500 оқушы осы лицейде оқиды.
Бұдан бөлек, бүгін Алмалыбақ, Іргелі орта мектептеріне қосымша 600 орындық жапсаржайлар, Ұзынағаш, Көкқайнар, Боралдай, Междуреченск ауылдарында, Қаскелең қаласында 1500 орындық мектеп ашылды.
Айта кетейік, биыл Алматы облысындағы 456 орта мектепте қоңырау соғылып, 340 мыңнан аса оқушы жаңа оқу жылын бастады. 39 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттады. Биыл білім саласының бюджеті 394 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 78 млрд. теңгеге артты. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3 млрд, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 3,6 млрд, жаңа модификациялық кабинеттер сатып алуға 2 млрд теңге қаражат бөлінді.





