Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Қонаевта тозығы жеткен 4 тұрғын үй бұзылады

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Асхат Бердіханов мәлімдеді.

27.09.2023
Аймақ

Жиында биыл апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу жұмыстары және 2029 жылға дейін азаматтарды көшіру жолымен «ескі» кварталдарды кешенді қайта құру мәселесі талқыланды.

Басқосуға кеңес төрағасы Лаззат Тұрлашов, облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев, депутаттар және барқарма басшылары қатысты.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Асхат Бердіхановтың айтуынша өңірде 27 ескі тұрғын үй анықталған.

«Алматы облысында 2 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде апатты және тозығы жеткен 27 үй деп танылды. Биыл Қонаевта Октябрь көшесіндегі төрт үйді бұзу жоспарланған. 32 пәтердің тұрғындарына басқа жаққа қоныс аударуы үшін жергілікті бюджеттен 595 млн теңге бөлінді», – деді Асхат Бердіханов.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігі өңірде тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту мақсатында тартылатын қаражатты біріктіру және «револьверлік» әдіспен пәтерлерді сатудан түскен пайданы қайта инвестициялау жолымен жеке бағдарлама әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, аталған жоба аясында облыстық бюджеттік комиссия 4,4 млрд теңге сомасын мақұлдады. Бұл өңірдегі 355 (4 879 пәтер) үйді қамтиды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz