Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Еңбекшіқазақ ауданында тағы бір визит-орталық ашылады

Бұл туралы аудандағы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали мәлім етті.

29.03.2023
Аймақ
Фото: ҚР Премьер-Министрінің сайтынан

Фото: ҚР Премьер-Министрінің сайтынан

«Былтыр Түрген тау шатқалында «Туранга Групп» ЖШС-нің «Түргенсай» визит-орталығы ашылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жолаушыларды қабылдауға арналған заманауи қызмет көрсету кешені іске қосылды. Биыл Батанда «Туранга Групп» ЖШС екінші визит-орталығын ашу жоспарланып отыр. Мұның барлығы инвестициялық жобалар», — деді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданында туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын 29 нысан тіркелген.

Фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен

«Статистикалық деректерге сәйкес, былтырғы жылдың 9 айында ауданға келген туристер саны — 9 442 адам. Көрсетілген қызметтер көлемі 124,0 млн. теңгеге жетті. Ал Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы Түрген тау шатқалы мен Есік көліне жалпы саны 82,7 мың адам келген», — деді Нұрболат Серғали.

Сондай-ақ бөлім басшысы аудан әкімдігі тарапынан туризм саласын дамыту мақсатында концепция дайындалып облыстағы тиісті басқармаға жолданғанын айтты.

«Концепцияда негізінен аудан аумағынан туризм бағыттарын ашу, Есік көлі мен Түрген шатқалында инфрақұрылымдық желі тарту, туризм нысандарының жұмыс тәртібі, алдағы уақытта дамыту жұмыстары көрсетілген», — деді бөлім басшысы.

Нұрболат Серғалидің сөзінше, Еңбекшіқазақ ауданында көші-қон рәсімдерін оңтайландыру мақсатында әзірленген «E-qonaq» ақпараттық жүйесіне көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыТуризм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz