Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бартоғай және Күрті су қоймаларындағы су шығындарын болдырмау жұмыстары оң әсерін беріп жатыр

Мұны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

25.06.2023
Аймақ

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына қарасты аумақта вегетация жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Ең алдымен бұл жағдайға вегетация кезеңіне дейін қажетті көлемді толтыру мақсатында Бартоғай және Күрті су қоймаларының жұмыс режимін сақтау жұмыстары ықпал етті.

Сондай-ақ вегетациялық кезеңге дейін негізгі су шаруашылығы объектілеріне су шығындарын болдырмау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 253,4 м3 аумақ бетондалса, су шығынын азайтуға ықпал ететін 43,5 шақырым арнаға механикаландырылған тазарту жұмыстары атқарылды.

Алайда, мамыр айындағы төмен температураға байланысты Бартоғай су қоймасындағы ағын күші азайып, 30 м3/сек-тен жоғары көтерілмеді.

Суармалы суды үнемдеу үшін жергілікті атқарушы органдар және фермерлік шаруашылықтармен бірлесіп сумен жабдықтау кестесі түзілді. Сондай-ақ түнгі суаруды жүзеге асыру үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, әр 4 сағат сайын жүргізілетін су берудің кезектілігі сақталуын бақылау жұмыстары күшейтілді.

Биыл 60 мың га алаңға 640,000 млн. м3 көлемінде суармалы су беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 15,7 мың га жалпы алаңға берілген су көлемі – 133,000 млн. м3 құрайды.

Қазіргі уақытта, Бартоғай су қоймасы бойынша су көлемі екі есеге өсіп, орташа есеппен 70 м3/сек. құрауда. Шілде айында да жұмыс аталған бағытқа сай жүргізіліп, вегетациялық кезең сәтті өтеді деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі мәлімет бойынша Бартоғай су қоймасындағы су көлемі – 153,98 млн.м3, келген су – 54,4 м3/сек., су жіберу — 99,0 м3/сек.

Күрті су қоймасында көлемі – 51,6 млн. м3, келген су – 1 м3/сек., су жіберу -10,0 м3/сек.

Тегтер: Алматы облысыБартоғайКүрті

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz