Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ол 2008 жылы Нархоз университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2009 жылы Швейцариядағы American Graduate School of Business университетін «іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Бақытнұр Бақытұлы еңбек жолын 2006 жылы «АТФ Банк» АҚ шағын және орта бизнесті несиелендіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары келесі лауазымдарды атқарған:
«АТФ Банк» АҚ жетекші маманы
Астана қаласы прокуратурасы аппаратының бас маманы
Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы
«Нұр Отан» ХДП «Саяси менеджмент мектебі» ЖМ Алматы өңірлік партиялық оқыту орталығы филиалының директоры
Montreux Business School Switzerland – ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы бизнесті дамыту жөніндегі директор
«Алматы асыл тұқым зауыты» АӨК басқарма төрағасының орынбасары
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары
«Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары
«Агрохолдинг Динара Групп» ЖШС басқарма төрағасы
Қарасай ауданы әкімінің орынбасары
Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
2024 жылдың шілде айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Бақытнұр Бақытұлының мемлекеттік қызмет және кәсіпкерлік саласындағы мол тәжірибесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.





