Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында шөп ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

2025 жылдың қаңтар–шілде айларындағы Балқаш ауданының ауыл шаруашылығы саласында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді. Әсіресе егін шауаршылығы бойынша нәтижелі жұмыс атқарылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
01.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Балқаш ауданында 28 мың 824 гектар суармалы егістік бар. Оның 14 мың 600 гектары мал азықтық дақылдар көп жылдық шөптер. 600-ге жуық гектары бір жылдық шөптер.  190 гектар жем-шөп бар.

Қазіргі уақытта, мал азығын ору науқаны қарқынды жүріп жатыр. 2560,0 гектар арпа-бидай шабылып, оның 1890 гектары бастырылды. Орташа өнімділігі 18,0 ц. Жалпы түсім 3402,0 тоннаны құрайды. Ал шөп ору науқаны бойынша 2 орылым басталып, нақты шабылғаны 6080,0 га. Оның 3880,0 гектары бастырылды. Орташа өнімділігі 15 ц/га, жалпы түсім 5820,0 тоннаны құрайды.

Бұл туралы бізге толығырақ «Балқаш ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы Бүркіт Амангелдіұлы Мұханов айтып берді.

 «Біз өзіміздің ауданды 90 мың тонна мал азығымен қамтамасыз етеміз. Бұл өңір қажеттілігін толық өтейді. Одан бөлек, Алматы облысы бойынша мал азығының 70%-ы біздің үлесіміз. Сонымен қатар, Қарағанды, Жамбыл және Семей облыстарына да жөнелтеміз. Бұл жағынан ешқандай қиындық туындаған жоқ. Бақанас магистральді каналында су толығымен жеткілікті»,- дейді Бүркіт Мұханов.

Алайда бөлім басшысының айтуынша, жоғарғы аймақта Тасмұрын магистральді каналының Іле арнасына ауып кетуіне байланысты су қабылдау бекетінде су жетіспей жатыр екен.

«Күрішке келсек, суды үнемдеу технологиялары қиындық тудырады. Сол үшін каналдарымызды бетондап берсе екен дейді», — ол.

Айта кетейік, ауданда тыӊайтқыштармен өңдеу дрон жүйесімен жүргізілуде, бұл өнім сапасын арттыруға оң әсерін беріп отыр.

Қорыта айтқанда, Балқаш ауданы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму көрсетіп отыр. Жартыжылдық көрсеткіштер жоспарлы деңгейде орындалып келеді. Осы қарқынмен жалғаса берсе, жыл соңына дейін межеленген мақсатқа жетеді деген сенімдеміз.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыарпа-бидайАуыл шаруашылығыБасты жаңалықтармал азығышөп ору

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz