Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында шағын бизнес дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда

Балқаш ауданында кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындардың қатары артып, ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланған кәсіпкерлер жергілікті экономиканы жандандырып, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуде.

Соның бір айқын мысалы — Бақанас ауылында іске қосылған шағын наубайхана. Кәсіп нысаны Ауыл аманаты жобасы аясында ашылған. Қазір наубайхана ауыл тұрғындарын күнделікті нан-тоқаш өнімдерімен қамтып, иесіне тұрақты табыс көзіне айналған.

Кәсіпкердің айтуынша, шағын цехта арнайы пештер орнатылып, түрлі тоқаштар мен бәліштер небәрі 5–10 минуттың ішінде дайын болады.

«Бұл шағын цехта түрлі дәмді тоқаштар мен бәліштер арнайы пеште пісіріледі. Өнімдер 5–10 минутта дайын болады. Ауылда кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін мемлекеттік қолдау бағдарламалары нақты мүмкіндік беріп отыр», — дейді кондитер Бақытгүл Төленді.

Кондитердің сөзінше, өндіріс көлемі де тұрақты өсіп келеді.

«Күн сайын шамамен 20-ға жуық торт, сондай-ақ самса мен өзге де тоқаш өнімдерін дайындаймыз. Барлығы жергілікті дүкендерге жіберіледі. Тәттілеріміз сұранысқа ие, тұрғындар күнделікті алып тұрады», — дейді ол.

Наубайхана иесі «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 миллион 600 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін жаңа деңгейге көтерген. Жалпы, бүгінде Балқаш ауданы бойынша 1600-ге жуық азамат жеке кәсіппен айналысады.

Балқаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қарлыға Жинақбаева өңірде кәсіпкерліктің даму қарқыны жоғары екенін атап өтті:

«Қазіргі таңда Балқаш ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Бұл — аудан экономикасының өсіп келе жатқанының нақты көрсеткіші. Жеке кәсіп ашып, өңірдің дамуына үлес қосамын деген әрбір азаматқа аудан тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді ол.

Сонымен қатар, 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында да ауданда бірқатар нәтижелі жұмыс атқарылған. Жоспарға сәйкес, 30 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп, жаңа бизнес бастауға ниетті 19 азаматқа мемлекеттік қаржылай грант берілген.

Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz