Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Байсерке аспаны — 2025»: Авиашоуға 10 мыңнан астам көрермен жиналды

Алматы облысының Байсерке аэродромында еліміздегі ең ірі авиациялық іс-шаралардың бірі - «Байсерке аспаны - 2025» авиашоуы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оған Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген 10 мыңнан астам көрермен қатысты.

Ауқымды мерекені Алматы облысы әкімдігі мен VisitAlatau туризм басқармасы ұйымдастырды. Шара өңірдің мәдени әрі спорттық өміріндегі айтулы оқиға болып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Бағдарлама алдында БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз конференциясы өтіп, онда ұйымдастырушылар авиациялық спортты дамыту мен жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттаудың маңызына тоқталды.

Ресми ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ілінген тікұшақтың ел Әнұранымен бірге әуеге көтерілуі ерекше патриоттық рух сыйлады. Бұл сәт көк аспанның елді біріктіруші құндылық екенін айқын көрсетті.

Авиашоу барысында:

  • жоғары пилотаж шеберлері әуедегі шеберлігін паш етті;

  • заманауи және тарихи ұшақтар әуеге көтерілді;

  • ұлттық нақыштағы парашюттік көрсетілімдер ұсынылды;

  • ұшқыштар тобы үйлесімді ұшып өтті;

  • авиаүлгілер жарыстары мен интерактивті көрмелер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қонақтарға авиациялық техника мұражайына экскурсиялар, балаларға арналған ойын алаңдары, фотозоналар, жәрмеңке мен мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.

Көрермендерге қолайлы жағдай жасау үшін шаттлдар, автотұрақтар, ақпараттық орталықтар, фудкорттар мен санитарлық аймақтар қарастырылды. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне және қатысушылардың оң пікіріне ықпал етті.

Қанық ұшу бағдарламасынан кейін авиашоу концерттік бөліммен жалғасып, ұйымдастырушылардың алғыс сөзімен және қоштасу әуенімен түйінделді.

«Байсерке аспаны – 2025» шарасы Қазақстандағы авиациялық спорт саласының басты оқиғасы мәртебесін тағы да айқындап, технология, шеберлік пен көкке деген махаббатты ұрпақтар сабақтастығын біріктірген ортаға айналды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz