Басқосуға өңірлік даму орталығы директорының орынбасары Жамбыл Есімсейтов те қатысты.
Бұл маңызды кездесуде Қонаев қаласында оқу ордаларын, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды салу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар шетелдік инвесторлар өңірде «Араб мәдени орталығының» негізін қалауды ұсынды. Олардың айтуынша, мұнда араб тілі, мәдениеті мен ғылымы оқытылады.
Кездесу соңында қос тарап Алматы облысы әкімімен жүздесу ұйымдастыруға келісті. Оған дейін инвесторлар Қонаев қаласының инфрақұрылымын дамыту туралы ұсыныстар пакетін дайындамақ.





