Ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста кешенді шаралар жүзеге асуда. Соның ішінде Қарасай ауданында бір емес, үш жаңа нысан салынып жатыр.
Үштерек ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория
Үштерек ауылында бір ауысымда 50 адам қабылдай алатын заманауи дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр.
Тапсырыс беруші — «Алматы облысы құрылыс басқармасы» ММ, мердігер — «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС.
Нысанның іргетасы 2024 жылдың маусымында қаланған. Құрылыс биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Абай ауылындағы амбулатория
Ауданның тағы бір елді мекені — Абай ауылында дәл осындай медициналық мекеме салынуда. Бұл амбулатория да тәулігіне 50 адамға қызмет көрсетеді.
Құрылыс 2024 жылдың тамызында басталып, жыл соңына дейін жалғасады.





