Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматылық дизайнер Қонаевта өткен жарыста жеңіске жетті

Бүгін Қонаев қаласында "Ұлттық киім - ұлт айнасы" атты дизайнер, тігіншілердің жарысы өтті.

28.05.2023
Аймақ

Бұл шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне Алматы облыстық Қоғамдық даму орталығы мұрындық болды.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

«Біздің мақсат — қазақтың ұлттық киімдерінің дәріптелуіне үлес қосу. Тек мерекелерде ғана емес, күнделікті қолданысқа әдемі нақыштағы киім үлгілерін енгізуді барлығымыз мақсат етуіміз қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер классикалық үлгідегі киімдерді киеді. Сол костюм, белдемшелерге кішігірім өзгеріс енгізіп, ою-өрнектерді неге қолданбасқа? Бүгінгі шарада біздің сол идеямыз насихатталды», — деді орталық басшысы Ерасыл Толымбекұлы.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық қатысушы 2 кезең бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тумалары бар.

Бірінші кезең — кеңсе киімдері. Мұнда дизайнерлер көрерменге мемлекеттік қызметшілерге және кеңседе қызмет ететін кез келген жанға ыңғайлы, қазақы оюмен әрленген киім үлгілерін ұсынды. Екінші кезеңде күнделікті киюге, салтанатты кештерге киіп шығуға арналған шапандар, көйлектер, оверсайз стиліндегі спорттық киімдер, тақиялар таныстырылды. Көздің жауын алатын киім-кешектерді тігу кезінде дизайнерлер барқыт, шыт, джинсы, жібек секілді маталарды пайдаланған.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Сән көрсетілімінде әділ қазылардың көңілінен шығып, көрермен көзайымы атанған алматылық дизайнер Венера Нұрымбетова жеңіске жетіп, 400 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Ал 2-орынды астаналық Қайыпбаева Гүлнұр, 3-орынды Қонаев қаласының тұрғыны Жазира Бақытбекқызы иеленді.

«Бұл жарысқа қатысу ойда болған жоқ. Екі күн қалғанда ғана дайындала бастадым. Дайындық кезінде көз алдыма шаңырақ елестеді. Өйткені, шаңырақ — бірліктің, берекенің символы. Енді өзімнің «Нұр» атты брендіме шаңырақты пайдаланатын боламын. Тіпті, депутаттар төсбелгі ретінде туды тағып жүреді ғой, шаңырақты төсбелгі ретінде қолданысқа енгізуді көздеп отырмын. Тігіншілікте 10 жылдан астам уақыт жүрсем де, қазақи киімдер тіккен емеспін. Сондықтан бұл жарыс мен үшін сабақ болды. Шынымды айтсам, жүлде қорының қомақты сома болатынын да білмегенмін», — деді сезімдерімен бөліскен Венера.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтардизайнҚДОұлттық киім

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz