Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыға 25,3 млн теңгенің iPhone телефондары заңсыз жеткізілген

Алматы халықаралық әуежайына контрабандалық жолмен iPhone 15 телефондары жеткізілген, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

29.09.2023
Аймақ

Биыл 22 қыркүйекте «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғаның декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефонын заңсыз әкелу дерегінің жолы кесілді. Телефондардың алдын-ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн теңге, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн теңге.

Заң бұзушылықты Алматы қаласының «Жетісу» кеден бекетінің мамандары, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және ҰҚК Шекара қызметі Алматы шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жатады және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі данадан аспауға тиіс (Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығы).

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 551-бабы 1-бөлігіне сәйкес 103,5 мың теңге (30 АЕК) айыппұл салынады.

МКК Алматы қаласы бойынша департаменті қазақстандықтарды Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында тыйым салынған және шектелген тауарларға, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына кедендік бақылаудың күшейгенін ескертеді.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 40 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында 44,6 млрд теңгеге 7 агрожоба іске асады

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz