Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыдағы темір жол вокзалдары ҚТЖ меншігіне қайтарылады

«Алматы-1» және «Алматы-2» темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтарылады. Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

30.03.2023
Аймақ

Алматы әкімімен кездесуге арнайы келген Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі «Алматы-1» темір жол вокзалы маңындағы мәселені көтерді.

«Бірінші мәселе, «Алматы-1» вокзалына қатысты. Көлік қозғалысын реттеу керек. Көлік кептелісі Шолохов көшесіне жетеді. Сондай-ақ Ақан сері көшесіне солға бұрылуды алып тастады. Алматыдағы бірінші вокзалға биыл 50 жыл толады. Сондықтан оған аз да болса жөндеу жұмыстарын жүргізуіңізді сұраймыз.

Екінші мәселе, Түрксібтің жүз жылдығы жақындап қалды, 1927 жылы құрылыс басталып, 1930 жылы аяқталды. Біздің аудан осы атақты темір жолдың атымен аталғаны белгілі. Сондықтан оның жүз жылдық мерейтойына орай Алматы-1 темір жол алдына Түрксіб заманындағы паровоз қойылса деген тілек бар. Осы мәселені қарастырып, рұқсат беруіңізді сұраймыз», — деді ол.

Алматы әкімі Ерболат Досаев екі вокзал да өте маңызды көлік инфрақұрылымы жүйесі екенін атап өтті.

«Алматы-1» темір жол вокзалы маңындағы аумақты ретке келтіру керек. Автотұрақ ретінде ұйымдастыруға болатын жеке аймақ бар. Мен жер қатынастары бөліміне осыны қарауды тапсырдым – бәлкім, аумақты көліктерден босату үшін көпдеңгейлі автотұрақтар саламыз. Ақан сері көшесіне солға бұрылуға келсек, қалалық мобильділік басқармасына оны анықтап, шешім қабылдауды тапсырамын», — деді ол

Сондай-ақ Ерболат Досаев Алматы-1 және «Алматы-2» темір жол вокзалдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты.

«ҚТЖ ұлттық компаниясы вокзалдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Оның дамуына қаржы салады. Түрксібтің жүз жылдығына қатысты айтар болсам, әкімдерге, қалалық комиссияға тапсырма берілді. Биыл Түрксіб ауданына 85 жыл толады. Іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәслихат жұмысын бастаған бойда биыл Түрксіб ауданындағы барлық өзекті мәселелерін шешуді сұрап, жүгінетін боламыз», — деді Ерболат Досаев.

Тегтер: алматывокзалерболат досаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz