Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда «Жасыл ел» жобасы бойынша 2000-нан аса адам жұмысқа орналасады

Мегаполистің «Жасыл ел» жасағының қатарындағы белсенділер саны жылдан жылға көбейіп келеді.

07.06.2023
Аймақ

Өткен жылы уақытша маусымдық жұмыспен 14 пен 35 жас аралығындағы 1900 жас қамтылды. Бұл туралы Алматы қалысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Зухра Иманбаева мен «Жасыл ел» жобасының экосақшысы Мұратхан Тауасар айтты.

«Жасыл ел» – мектеп оқушылары, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, республика бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жоба. Жоба Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

«Әлемдегі жаһандық экологиялық жағдай күрделене түсуде, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті болып отыр. Өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтармен кездесуінде: «Қоршаған орта азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сондықтан экология мәселесі әрқашан менің назарымда». Сондай-ақ «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бекітілді. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – жыл сайын кемінде 10 000 жасты жұмыспен қамту көзделген», – деді Ж. Иманбаева.

Спикерлердің айтуынша, «Жасыл ел» жасағындағылар қаланы көгалдандырудан бөлек, экологиялық семинарлар мен тренингтерге, қалалық және республикалық сенбіліктер мен балалар үйі, қарттар үйі, ардагерлер үйлеріндегі эко акцияларға белсенді қатысады.

 «Жобаның оған қатысушылар үшін берер артықшылықтары мол. Жастар бір-бірімен танысып, қаланың дамуына үлестерін қосады», – деп атап өтті М. Тауасар.

Сонымен қатар, жасақта эко патрульдер құрылуда, олар қала аумағында рейдтер жүргізіп, экологиялық бұзушылық фактілерін анықтайды.

Тегтер: алматыЖасыл елжұмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz