Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр

Алматыда сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.11.2022
Аймақ

Саясаттанушы, тарихшы, саяси белсенді Талғат Жанысбайдың сөзінше, қоғамдық бақылаушылардың басты мақсаты – жастардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін, олардың саяси сауатын арттыру.

Айтуынша, мегаполисте сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр.

Тәуелсіз байқаушылар 531 сайлау учаскесін қамтыды. Осы сағатқа дейін сайлау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

«Біз тәуелсіз бақылаушы ретінде бірінші рет шығып отырған жоқпыз. Биыл әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы бүкіл белсенділерді командамызға қосылуға ашық түрде шақырдық. Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындайтын оқиға», – деді Талғат Жанысбай.

«Ел ертеңі» бірлестігінің құрамындағы әрбір байқаушы сайлауға бір ай қалғанда сайлау заңнамасын, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу формалары мен әдістерін, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетінін біліп, зерттеді.

Блогер, журналист Анастасия Ульченко қала тұрғындарын күн аяқталғанша сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

«Тәуелсіз байқаушы болған себебім — сайлау барысына күмәнмен қарайтын адамдарға әділдік бар екенін, сайлаудың қалай өтетінін көрсету болды», — деді блогер.

Тегтер: президент сайлауы 2022сайлауалматыоблысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz