Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда көпқабатты үйдің жертөлесінде жасырын ойынхана жұмыс істеген

Алматы қаласында көпқабатты үйдің жертөлесінде жасырын ойынхана жұмыс істеген. Ойыншылар мекемеге құпия сөз арқылы кірген, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14.11.2022
Аймақ

«13 қарашаға қараған түні Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматы қаласындағы ғимараттардың бірінде (Сәтбаев көшесінің бойында) жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді.

Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Адамдар құпия сөз арқылы кіргізіліп отырған.

Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан астам келуші болды», — делінген полиция хабарламасында.

Арнайы операция кезінде 20-дан астам ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар
құжаттама тәркіленді.

«Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz