«Дабыл қондырғыларын іске қосумен қатар қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады, сондай-ақ Darmen мобильді қосымшасы арқылы хабарламалар таратылады. Қала тұрғындарын сыртқа жылы киіммен шығуды сұраймыз», — деді қала ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.
Сейсмология институтының мәліметі бойынша, жыл соңына дейін қалада жеті немесе одан да көп баллдық жер сілкінісі болмайды. Қалалық сейсмикалық жаттығулар жер сілкінісін күтумен байланысты емес.





