Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы офтальмологтары: көздің қылилығын емдеуде 7 жасқа дейінгі кезең маңызды

Алматы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығының офтальмология бөлімшесінде қитарланған үйлескен қылилық, шашыранды үйлескен қылилық, тік қылилық диагнозы бар балаларды емдейді. Алматылық офтольмологтар аталған сырқатты ерте емдетіңіздер деп ескертеді. Бұл туралы Alataunews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

02.11.2022
Аймақ

Балаларда көру қабілетінің бұзылуы туа біткен және гаджеттерге құмарлықтың нәтижесінде пайда болады. Қылилықты емдеуге болады. Бірақ дәрігерлер емдеуді ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Балалар жедел жәрдем орталығында көру қабілетін түзетуге мүмкіндік беретін синоптофор және макулотестер тренажерларының көмегімен хирургиялық әдіссіз емдеу шараларын жасайды. Көп жағдайда офтальмологтар қылилықты консервативті түрде емдейді.

«Қылилықты емдеу кезінде біздің мақсат ақауды косметикалық тұрғыдан жою ғана емес, сондай-ақ ең жоғары көру функциясын дамытуға жағдай жасау — бұл бинокулярлық (қоршаған ортаны екі көзбен қабылдау қабілеті), стереоскопиялық көру. Әрі қарай емдеу тактикасын шешу үшін баланы мүмкіндігінше ертерек офтальмологқа көрсеткен жөн. Бұл өте маңызды», — дейді Алматы қалалық Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының офтальмологы, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Дүниежүзілік балалар офтальмологтары қауымдастығының мүшесі Ләззат Кейкина.

Дәрігерлердің айтуынша, 7-8 жастан кейін балаларды емдегенде тек көру өткірлігін ғана сақтауға болады. Жасы одан үлкен балалар келгенде тиімді нәтиженің болуы екіталай.

«Мұндай балаларды 7 жасқа дейін, яғни мектепке дейін бақылап, емдеуге тырысыңыз. Бинокулярлық бұзылумен байланысты қандай да бір жағдайды түзету мектеп жүктемесінің болуына байланысты белгілі бір қиындық тудырады. Отасыз емдеуге болатын қылилықтың көптеген түрі бар, сондықтан хирургия — дәрігер шешетін мәселе. Көзілдірікті таңдау, аппараттық емдеу аясында хирургиясыз тиімді емделетін қылилық түрлері бар», — деп түсіндіреді офтальмолог.

Қылилықтың себебі көп. Оны қоздыратын көздің көріністерімен қатар неврологиялық жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан орталықтың офтальмологтары қашанда невропатолог әріптестерімен біріге жұмыс істейді. Қалыпты көру омыртқаның құрылымына тікелей байланысты екенін атап өткен жөн, ал қылилық балалардың омыртқаны дұрыс ұстамауынан да болады.

«Қылилық омыртқаның құрылымына қатты әсер етеді. Басты мәжбүрлі түрде төмен қарап ұстау оның күйіне ғана емес, жалпы омыртқаның құрылымына толық әсер етеді. Сондықтан, біз қылилықты неғұрлым ертерек емдесек, нәрестенің басты ұстауын қалпына келтіру оңайырақ болады. Сәйкесінше, омыртқаның жағдайы да жақсарады. Көбінесе «көздік қисық мойынды» шынайы қисық мойынмен шатастырады, көптеген остеопаттар көзді емдеу керек екенін ұмытып, кейде оны сәтсіз емдеп те жатады», — дейді Ләззат Кейкина.

2022 жылдың басынан Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының офтальмология бөлімінде қылилық диагнозы бойынша 147 бала емделді. Өткен 2021 жылы 109 науқас емделді. Кейбір жағдайда қылилықты түзету тек хирургиялық әдіспен іске асырылады. Жыл басынан бері дәрігерлер 132 ота жасады (2021 жылы 99 ота жасалды).

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz