Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының ТЖД мамандарына ендігі жылдан бастап көтермеақы төленуі мүмкін

ТЖМ-нің барлық деңгейдегі бөлімдерінің мамандарына көтермеақы төлеу үшін ҚР Азаматтық қорғаныс туралы Заңына өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Алматы облысына іссапармен келген ТЖ вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

11.05.2023
Аймақ
Фото: Марат Толкунов

Фото: Марат Толкунов

«Былтыр Алматы облысы екіге бөлінді. Біраз уақыт өткен соң Қонаев қаласына көшіп келген мамандарға пәтер жалдау үшін көтермеақы төлене бастады. Оның ішіне мысалы мемлекеттік қызметкерлер кіретінін барлығымыз білеміз. Ал облыстық ТЖД мамандары тікелей министрлікке қарағандықтан, аталған мәселені біз де көтердік. Тек осы өңірде емес, барлық аймақтарда қызмет етіп жүргендерге көтермеақы төлеу мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар жасадық», — деді Ибрагим Күлшімбаев.

Фото: Марат Толкунов

Егер көтермеақы төленетін болса, төтеншеліктердің әлеуметтік жағдайы жақсармақ, деп сендірді вице-министр. Бұған қоса, жиында ТЖ мамандарының еңбекақысы өсетіні жайлы да сөз етілді.

Фото: Марат Толкунов

«Көтермеақы көлемі қандай болатыны белгісіз. Әзірше, Азаматтық қорғаныс туралы Заңға өзгеріс енгізіп, Үкімет қарауына жібердік. Бұл мәселе жыл соңына қарай өз шешімін табады», — деді вице-министр.

Тегтер: Алматы облысыкөтермеақыТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ерекше жағдай: учаске жабылған сәтте келген тұрғын дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Қазақстанда референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталып, дауыстарды санау басталды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Іле ауданында референдум күні жас жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

ОРК: Қазақстанда референдумда дауыс бергендердің үлесі 70 пайыздан асты

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

Screenshot

Іле ауданында референдум учаскесіне суперқаһармандар келіп, дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz