Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды

31 мамыр Төтенше жағдайлар министрлігіне Алматы облысы Талғар ауданындағы Шымбұлақ шыңынан түсе алмай қалған туристер туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2025
Аймақ, Алматы облысы
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Көмекке зәру төрт ер адам – 24 және 25 жастағы азаматтар – 3 450 метр биіктікте өз күшін дұрыс бағаламай, қатты әлсіреп, құрысу белгілері пайда болған соң 112 нөміріне жүгінген.

Министрлік мәліметінше, туристер төменге түсу барысында физикалық әлсіздікке тап болып, геолокацияны жіберіп, құтқару тобын күткен. Оқиға орнына дереу «Медеу» құтқару бекетінен арнайы топ аттанған.

Құтқарушылар алдымен Безымянное шатқалына дейін техникалық көлікпен жетіп, ары қарай жаяу жолмен тауға көтерілген. Тәжірибелі мамандар түнгі уақытта шектеулі көрініспен, күрделі таулы рельефті еңсере отырып, туристерге жетіп, оларды «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына дейін қауіпсіз жеткізген.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шықпас бұрын ауа райын мұқият бақылауға, бағыт пен күшті дұрыс есептеуге және арнайы құрал-жабдықтарды пайдалануға кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz