Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының спортшысы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды

Шаңғы жарысы мен биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асет Дүйсенов 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына лицензия иеленді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Асет Дүйсенов спорттық жолын шаңғы жарысынан бастап, жасөспірімдер мен жастар арасындағы халықаралық жарыстарда өнер көрсетті. 2019 жылы ол Красноярск қаласында өткен Дүниежүзілік Универсиадада екі мәрте күміс жүлдеге ие болды.

2020 жылдан бастап биатлонға ауысқан спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі үміткерлерінің біріне айналды. Оның биатлондағы ең жоғары жетістіктерінің бірі — 2025 жылы Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында ерлер эстафеталық құрамында жеңіп алған күміс медалі.

Айта кетейік, Қазақстанның биатлоннан ұлттық құрамасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына төрт лицензия жеңіп алды. Оның үшеуі Алматы облысының спортшыларына тиесілі. Асет Дүйсеновпен бірге ел намысын Айша Ракишева мен Милана Генева қорғайды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz